Қазақстан қауіпсіздік индексі бойынша ТМД елдерін басып озды

2025 жылғы 24 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі мемлекеттің азаматтары тұрақты тұру немесе демалу үшін Қазақстанды жиі таңдай бастағанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқаев көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналғандығын атап өтті.
"Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың бізге деген қызығушылығы артып, еліміздің ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Әр құрлықтағы түрлі мемлекеттің азаматтары тұрақты тұру немесе демалу үшін біздің елді жиі таңдайтын болды. Бұл – кездейсоқтық емес. Қазақстан беделді халықаралық рейтингтердегі қауіпсіздік индексі бойынша айналамыздағы көптеген мемлекеттердің бәрінің дерлік алдында тұр",- деді мемлекет басшысы.
Президент Қазақстанның заң үстемдігі индексіндегі "Тәртіп пен қауіпсіздік" көрсеткіші бойынша, 142 елдің ішінен 43 орынға табан тірегендігін баса айтты.
Бұған дейін ол араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет екенін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript