Елімізде ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі

Горы, гора, горная местность, Кок-Жайляу, Иле-Алатауский государственный национальный природный парк, урочище Кок-Жайлау, тучи, тучность, облачность, пасмурная погода, пасмурность, дождливая погода, туризм, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 16:42 Фото: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 2025 жылдың 26-28 сәуірі аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша тұрақсыз ауа райы күтіледі.

"Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман күтілетіні хабарланды.

"26 сәуірде түнде Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында -1-3°С аяз күтілуде. "Қазгидромет" РМК

Гидрометеорологиялық орталық температура фонының қандай болатынын анықтады:

  • Еліміздің батысында ауа температурасы түнде +10+15°С-тан +2+10°C-қа дейін, күндіз +20+27°C-тан +6+14°C-қа дейін төмендейді.
  • Республиканың оңтүстік-батысында ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +7+15°C-қа дейін төмендейді, күндіз +20+30°C, 28 сәуірде ауа температурасы +10+18°C дейін төмендейді.
  • Республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +10+17°C-тан +7+12°C-қа дейін, күндіз +20+28°C-тан +12+22°C-қа дейін төмендейді.
  • Еліміздің солтүстігінде түнде ауа температурасы +5+10°С-тан +10+17°C-қа дейін көтеріледі, ал күндіз ауа температурасы +21+28°C-тан +18+23°C-қа дейін төмендейді.
  • Республиканың орталығында түнгі ауа температурасы +5+15°C-тан +12+17°C-қа дейін ауытқиды, ал күндіз негізгі фон температурасы +23+30°C.
  • Шығыста түнде ауа температурасы +1-ден +8°С-қа дейін көтеріледі, облыстың солтүстік-шығысында аяз -1-3°С-тан +10-15°С-қа дейін, күндіз +20-дан +27°С-қа дейін +23°С-тан +31°С-қа дейін болады.
  • Оңтүстікте ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +17+23°C-қа дейін, күндіз +28+33°C-тан +32+37°C-қа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде +5+17°С-тан +10+20°C-қа дейін, күндіз +22+30°C-тан +27+35°C-қа дейін көтеріледі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: