Ақтөбе әуежайына барар жол бойына алма ағаштары отырғызылды

Азамат Бекет, Ақтөбе қаласының әкімі, сенбілік, Таза Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2025 13:25 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбеде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы шаралар жалғасуда. Қала әкімі Азамат Бекет бүгін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлерімен бірге Болашақ ықшам ауданында (Ақтөбе әуежайынан 12 ықшам ауданға дейінгі аралықта) алма ағаштарын отырғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Азамат Бекет ел президенті жариялаған "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы аясында 27 наурыздан бастап ағаштарды санитарлық тазарту және отырғызу бойынша екі айлық науқан басталғанын еске салды.

"Бүгін біз 200-ден астам алма көшеттерін отырғыздық. Өткен жылы зауыт қызметкерлері Алтын Орда шағын ауданына 3 мың алма ағашын отырғызды. Биыл олар осы Болашақ шағын ауданына да 3 мың көшет отырғызбақшы. Әрі олар екі жыл бойы суаруды қамтамасыз ете отырып, көшеттерге күтім жасайтын болады. Сонымен қатар, "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосу мақсатында биыл қоғамдық кеңістіктерді, парк, скверлерді абаттандырамыз".Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет

Сенбілік, Ақтөбе, әкім, Таза Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2025 13:25

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкім бұл шараға кәсіпкерлер де үн қосқанын баса атап өтті.

"Кәсіпкер азаматтар біздің ұсынысымызды қабылдап, қаланың бос жатқан учаскелеріне скверлер салуға, ескірген саябақтарды жөндеуге келісім берді. Қаланың әр учаскесінен жалпы саны 11 сквер салынады және жөнделеді. Ол жерлердің бәрінде де тұрғындарға қолайлы орта қалыптасады, ағаш егіледі, суару жүйелері болады.  Бұдан бөлек біз қала жолдарын тазалау үшін арнайы техникалар паркін жаңартып жатырмыз. Өткен жылы 200-ге жуық арнайы техника алынды. Биыл тротуарлар мен жолдарды тазалауға арналған 43 техника алатын жоспарымыз бар", — деді қала әкімі.

Сенбілік, Ақтөбе, әкім, Таза Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2025 13:25

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеміс ағаштарынан басқа, бұл жерге шаған, қарағаш және сирень отырғызылады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Біз қаланың ірі кәсіпорындарының бірі болғандықтан, шаһарымыздың гүлденуі мен көгалдандыруына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Биыл біз Болашақ шағын ауданына 3 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз, екі жыл ішінде оларға күтім жасап, суарамыз. Ол үшін біз көгалдандырумен айналысатын мамандандырылған компанияға жүгіндік. Өткен жылы Алтын Орда ауданында отырғызған алма ағаштарының 90 пайызы тамыр алды, биыл гүлдеп тұр. Тамыр алмаған көшеттер жақын арада жаңасына ауыстырылады. Экологиялық жауапкершілік - біздің компания саясатының негіздерінің бірі. Біз жыл сайын қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға үлес қосуды көздеп отырмыз", — деді ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: