Ерлан Қарин "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

Ерлан Қарин, Астана, сенбілік, Таза Қазақстан , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2025 13:31 Сурет: akorda.kz
Бүгін елордада "Таза Қазақстан" жалпыұлттық науқаны аясында сенбілік ұйымдастырылды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бір топ мүшелерімен бірге ағаш отырғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Таза Қазақстан" акциясы бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды. Жұртшылық бұл бастамаға бірден қолдау көрсетті. 

Мемлекеттік кеңесші "Таза Қазақстанның" экологиялық акция ғана емес екенін, оның бүгінде азаматтарымыздың мінез-құлқы мен ой-өрісіне ықпал ететін идеологияға айналып келе жатқанын атап өтті.

Бұл идеологияның түпкі мәні – тазалық пен тәртіпті сақтау, табиғатты аялау, мәдениетсіздікке, вандализмге және қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы күрес. Осылайша, "Таза Қазақстанды" қалыптасып келе жатқан жаңа қоғамдық этиканың бір жарқын көрінісі деуге болады.

Сурет: akorda.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: