Ұлттық құрылтай мүшелері "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

Таза Қазақстан акциясы, Астана, Ұлттық құрылтай мүшелері, Ерлан Қарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2025 15:48 Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге 2025 жылы 11 қазанда "Таза Қазақстан" жалпыреспубликалық акциясына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акция бүгінде халықтық сипатқа ие болып отыр. Мемлекеттік кеңесші мен Ұлттық құрылтай мүшелері Астана және Алматы қалаларында ағаш отырғызды, делінген Ақорда хабарламасында.

Ұлттық құрылтай мүшелері "Таза Қазақстан" акциясын қолдап, бұл бастаманың қоғамды біріктіруде әрі экологиялық мәдениетті дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды акцияны қолдауға бағытталған жобаларға белсене атсалысуға шақырды.

Сурет: akorda.kz

Ерлан Қарин акцияға қатысқан Ұлттық құрылтай мүшелеріне алғыс айтып, "Таза Қазақстан" бастамасы еліміздің идеологиялық платформасының маңызды құрамдас бөлігі екенін еске салды.

Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші аталған акция елімізге, қоршаған ортаға жауапты әрі ұқыпты қарауға шақыратынын, қоғамдағы әдеп мәдениетіне оң әсер ететінін жеткізді.

Сурет: akorda.kz

Осылайша, "Таза Қазақстан" акциясы жаңа қоғамдық этика мен әдеп мәдениетін қалыптастырудың негізіне айналды.

Бұған дейін бүгін Астанада ауқымды жалпы халықтық сенбілік өтіп жатқаны хабарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты. Президент қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты. Сондай-ақ Президент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: