Алматыда ҰОС ардагерлерінің зиратын тазарту бойынша жастар акциясы басталды

Олардың қатарында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және тағы басқасы бар.
Акция Мәдениет және ақпарат министрлігі және Алматы қаласының әкімдігіменен ұйымдастырылған. Акцияға шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері, жастар және волонтерлік ұйымдар қатысты. Олар аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, зират маңын ретке келтіріп, гүл шоқтарын қойды.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Іс-шараның басты мақсаты — өткенге тағзым етіп, майдангерлердің рухына құрмет көрсету, өсклең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Таза Қазақстан" акциясына қатысқанын жазғанбыз.