Еліміздің басты алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру басталды - тікелей көрсетілім

Салтанатты іс-шараның тікелей көрсетілімі Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің ресми Youtube-арнасында қолжетімді. Шерудің тікелей эфирін еліміздің барлық облыс орталықтарында орнатылған республикалық телеарналар мен LED-экрандардан көруге болады.
Астана тұрғындары мен қала қонақтары шеруді қаладағы үш жерден тамашалай алады:
- ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру);
- қалалық алаң (Астана әкімдігі ғимаратының алдында);
- Б. Момышұлы даңғылы, 1, мекенжайы бойындағы "Astana Music Hall" тұрақ аумағы (Кувшин).
Шеруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдарының ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, Құрметті қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының ардагерлері шақырылды.
Іс-шараға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам да қатысады, ол Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүр.