Астанада Бейсекова мен Тілендиев қиылысы үш айға уақытша жабылады
Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының Бейсекова және Тілендиев даңғылдарының қиылысында екі деңгейлі жол айырығы салынады. Сол себепті аталмыш көшелердің қиылысы толық жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты қозғалыс екі бағытта да алты жолақты жүру арқылы уақытша жолда ұйымдастырылады.
"Жөндеу жұмыстары осы жылдың 1 мамырынан 1 тамызына дейін жүргізілетін болады", делінген хабарламада.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript