Сәуірдің соңғы күнінде елдің бірқатар өңірінде жаңбыр мен бұршақ жауып, үсік жүреді

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігідне жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында, орталығында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Шымкентте солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі.
Астанада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 30 сәуірде облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Жетісу облысында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 24-29 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.