ШҚО полициясы Өскемендегі маньяк туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 10:01 Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде полицейлердің асылып қалған адамды тексеріп жатқан бейнесі тарап жатыр. Онда кадрлар Өскеменде маньяк пайда болды деген пікірлермен қатар жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sozmedia.kz порталының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды және видеоны фейк екенін айтты.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатқан Өскеменде маньяк жүр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Облыс аумағында мұндай фактілер тіркелген жоқ. Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған қауесеттерді таратпауға шақырады", – делінген ШҚО ПД ақпаратында.

Бұған дейін Алматы әуежайында түркиялық алаяқтың ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: