Алматы әуежайында түркиялық алаяқ ұсталды

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, парковка аэропорта Алматы, парковочные места в аэропорту Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 09:33 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Түркияның құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2025 жылғы 30 сәуірде таратқан ақпаратына сүйенсек, Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады.

Сурет: polisia.kz

Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Бұған дейін Алматыда жаздың ортасына дейін қандай жолдар жабық болатындығын айтқан болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: