Жемқорлардың тізімі: олардың қандай мәліметтері жарияланады

Жемқорлардың тізімі: олардың қандай мәліметтері жарияланады , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 16:44 Сурет: pexels
2025 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров сыбайлас жемқорлық жасаған тұлғалардың қандай жағдайда тізілімнен шығарылатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тізімге тек заң күшіне енгеннен кейін ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар енгізіледі.

"Бұл белгіленген тәртіп. Мәжілісте қаралып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі заң жобасына сәйкес, реестрге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар туралы мәліметтер енгізіледі. Бұл ретте тізімге заң күшіне енгеннен кейін сотталған адамдар ғана кіреді. Мәліметтер жария етіледі", – деп нақтылады Данияр Бигайдаров.

Ол сондай-ақ тізімге енгізу және одан шығару шарттары бар екенін атап өтті.

"Соттылықты жою немесе алып тастау жағдайында тұлғалар тізілімнен шығарылуы мүмкін. Сондай-ақ заңды күшіне енген ақтау үкімі негізінде немесе іс-әрекет ауыр немесе аса ауырдан жеңілірекке қайта сараланған жағдайда да шығарылуы мүмкін. Тізілім агенттік сайтында орналастырылады. Бұл – профилактикалық құрал, оның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптастыру немесе оған мүлде төзімділіктің болмауын қамтамасыз ету", – деді Данияр Бигайдаров.

Реестрде келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • Сотталған тұлғаның толық аты-жөні;
  • Қылмыс жасаған кездегі жұмыс орны мен лауазымы;
  • Сыбайлас жемқорлық қылмысының сипаттамасы;
  • Сот үкімінің деректері және тағайындалған жаза түрі.
"Заң қабылданғаннан кейін сыбайлас жемқорлық жасаған адамдардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітіледі. Жалпы, заңды күшіне енген үкімдер онсыз да жарияланады, бірақ бұл тізілім бірыңғай және азаматтар үшін ыңғайлы болады, өйткені кез келген азамат өз таныстарының, әріптестерінің, көршілерінің және басқа да адамдардың сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылған-тартылмағанын тексере алады", – деп толықтырды Данияр Бигайдаров.

Бұған дейін Жезқазғанда Ұлттық Ұланның жаңа әскери бөлімі құрылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: