Жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 09:13 Фото: akorda.kz
Жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді. Енді төртінші санаттағы шақыруларға яғни, жоғары қан қысымы, дене қызуы немесе жеңіл жарақаттар сияқты өмірге қауіп төндірмейтін жағдайлар күндізгі уақытта емхана жанындағы мобильді бригадаларға бағытталады.

Олар таңғы сағат 8:00-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Мобилді бригаданың келу уақыты – 1 сағат. Ал шұғыл көмекке жедел жәрдем 10 минутта жетеді.

Бірінші, екінші және үшінші санаттар үшін норматив 15 пен 30 минут аралығы. Ал түнгі уақытта және демалыс күндері барлық шақыртуға жедел жәрдем бригадалары барады, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кету керек, жедел жәрдемді шақыру механизмі өзгеріссіз қалады.

Тұрғындар 103 нөмірі арқылы кез келген уақытта жәдел жәрдемге жүгіне алады.

Салаға өзгеріс енгізудегі мақсат көмекті дер кезінде көрсету және бригадаларға түсетін жүктемені азайту.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: