Қазақстанда ғалымдардың ғылыми гранттар бойынша төлімі кешіктірілуде

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 11:55 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобалары бойынша төлемдердің кешігуі республикалық бюджетке түсімдердің жеткіліксіздігіне байланысты. деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 1 мамырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев мәлімдеді.

"2025 жылғы сәуір айында республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің жеткіліксіз болуына байланысты гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында қабылданған міндеттемелер бойынша аванстық төлемдер кешіктірілді",- деді ол.

Ведомство ақпаратынша, сәуір айында Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдары арқылы аванстық төлемдерге қажетті жалпы соманың тек шамамен 8%-ы ғана төленді. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі жас ғалымдардың жобалары бойынша төлемдерге бағытталды. Ал наурыз айында аталған бағдарламалар бойынша қаржыландыру мүлде жүргізілмеген болатын.

Министрлік қазіргі уақытта 2025–2027 жылдарға арналған "Жас ғалым" конкурсының жеңімпаздарымен келісімшарттарды жасасу және тіркеу жұмыстары жүргізілуде екенін атап өтті. Жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері жарияланды.

"Министрлік төлемдер мәселесін тұрақтандыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жас ғалымдарға және олардың ғылыми бастамаларына қолдау көрсету министрліктің басым бағыттарының бірі болып қала береді",- делінген таратылған ақпаратта.

Бұған дейін Шымкентте 500 жалған жүргізуші куәлігін жасаған ірі қылмыстық схеманың беті ашылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: