Елордалық дәрігер өскелең ұрпақтың денсаулығы жайлы айтты

Анализ, анализы, больница, поликлиника, врач, врачи, доктор, доктора, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 16:06 Фото: Zakon.kz
Астана қаласының Жастар саясаты басқармасы мен "Даму қазақстандық қауымдастығының" ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 40 шақты студент қатысты.

Елорда әкімдігінің ресми сайты берген ақпаратқа сүйенсек, жобаның мақсаты – отбасы институтын қалыптастыру және бекіту. Бүгінгі семинарда студенттерге репродуктивті денсаулық жөнінде кеңінен түсіндіріліп, талқыланды. Бұл үшін "Ана мен бала" орталығынан тәжірибелі дәрігерді шақырды. Мұндағы негізгі мақсат – жастарға отбасын саналы түрде құру қажеттігін, болашақ ата-ананың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек екенін ұғындыру.

Ал мұндай маңызды тақырыпты осындай жобаларда көбірек талқыласақ, болашақ жас шаңырақтар салауатты өмір салтын ұстанып, тұтас қоғамның саулығы арта түсуіне септігін тигізеді деген ойдамыз", – деді "Даму қазақстандық қауымдастығы" үкіметтік емес ұйымының директоры Анар Битибаева.

Семинарға арнайы шақырылған "Ана мен бала" орталығындағы бөлімшенің басшысы, дәрігер Алмаш Бекмұхамбетова мұндай іс-шара бірінші рет емес, жиі ұйымдастырылатынын айтты.

"Біз бүгін студенттерге қалай дұрыс тамақтану керек екенін, қалай спортпен шұғылдану керек, жалпы салауатты өмір салтын қалай сақтау керек – осы мәселелерді кеңінен түсіндірдік. Өйткені репродуктивті денсаулық осылардан қалыптасады. Қазіргі жастар газды тәтті сусындарды жиі ішеді, фастфудпен жиі тамақтанады. Дене қимылы, ұйқы тәртібін сақтай бермейді. Ал мұның бәрі балалы болатын кезеңге келгенде өзінің кері әсерін беруі мүмкін. Дәрігерге келетін жүкті жас аналардың көбінің бүйрегі, жүрегі, тағы басқа мүшелері ауырады. ". Кейбіреулері кейін 30-40-тың арасында ана-әке болу қабілетінен айырылып жатады. Сондықтан біз мұның бәрін әуелі салауатты өмір салтын сақтау мәдениетінен бастап үйретудеміз.

Сондай-ақ балалардың сауалдарына қарай әртүрлі аурулардан, ерте жүктіліктен сақтану жолдарын да айтамыз. Бүгін әйелдер дәрігері семинар өткізсе, келесі жолы урологты ала келетін боламыз", – деген Алмаш Бекмұхамбетова жастарға қашанда өздерін мазалап жүрген мәселелерді сұраудан, денсаулығын тексертуден ұялмауға кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: