Оралда жас жігіт студентті қорқытып, ақшасын өзіне аударып алған
Сурет: Zakon.kz
Оралда полиция қызметкерлері студентті қорқытып ақшасын иемденген 21 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің телефоны арқылы банктің мобильді қосымшасынан өзіне ақша аударып алғаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ұсталған азаматтың бұған дейін де әртүрлі қылмыс үшін сотты болғаны белгілі болды.
Заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны көздейді. Полиция азаматтарды мұндай жағдайларға тап болған кезде дереу полицияға хабарласуға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript