Астанада жас жігіт аялдаманы талқандады

Аялдама, Астана, әйнекті сындыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 18:23 Сурет: polisia.kz
Астана қаласы полиция департаментінің полиция қызметкерлері аялдаманың әйнегін сындырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Біржан сал көшесіндегі аялдама әйнегін белгісіз біреудің сындырғаны туралы кезекші бөлімге хабар келіп түскен.


"Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Өткізілген іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қаланың 18 жастағы тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы және 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылады. Аталмыш материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторында", – деп хабарлады елордалық полиция.

Полиция қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: