Астанада ер адам жалға алған фотоаппаратты ломбардқа өткізіп жіберген
Фото: Zakon.kz
Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында анықталғандай жәбірленуші OLX интернет-платформасы арқылы Canon SX740 HS фотоаппаратын жалға беру туралы хабарландыру жариялаған. Кейін күдікті жәбірленушімен байланысқа шығып, құрылғыны бір тәулікке жалға алу үшін алдын ала төлем жасап, сеніміне кірген.
Алайда, фотоаппаратты алғаннан кейін күдікті оны ломбардқа өткізіп жіберген. Ал түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеге жуық.
Қазіргі уақытта аталған азаматтың осындай 6 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript