Астанада жалға алған пәтерінен теледидар алып кеткен ер адам анықталды
Фото: Zakon.kz
Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы ер адамды анықтады.
Тергеу барысында оның сол жақ жағалаудағы тұрғын үйден пәтерді жалға алғаны анықталды.
Үй иесімен келіскен мерзімнен бірнеше күн бұрын пәтерді босатып, өзімен бірге Samsung теледидарын ала кеткен. Осылайша 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Тұрмыстық техниканың жоғалғанын білген пәтер иесі полицияға хабарласқан.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізуде.
Оның осыған ұқсас бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға сақ болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript