Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада сауда үйінен спорттық киімдер ұрлаған ер адам ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2024 14:33 Сурет: ҚР ІІМ
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Нұра ауданы ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады.

Полицейлерге сауда орталығының қызметкері белгісіз біреудің дүкеннен екі спорттық күрте ұрлап, жалпы құны 100 мың теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлаған.

Тергеу барысында күдіктінің сауда алаңына кіріп, клиент атын жамылып, тауарды таңдай бастағаны анықталды.

Киім ауыстыру бөлмесіне барып, киімнен магнитті алған қаскүнем күртесінің астынан киіп дүкеннен шығып кеткен.

Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы да тексеріледі.

Астана қаласы полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне сақ болуды және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Үй-жайларды бейнебақылау камераларымен жабдықтаңыз және дүкендерде ұрлыққа қарсы сенімді жүйелерді енгізіңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: