Астанада полицейлер жаңа танысының үйінен ұрлық жасаған әйелді анықтады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 10:30 Сурет: ҚР ІІМ
Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы әйелді анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленуші әйелмен үйдің ауласында кездейсоқ танысқан.

Әңгіме барысында жәбірленуші әйелді үйіне шақырып, бірге шай ішуді ұсынған.

Пәтер иесінің басқа бөлмеге кеткен сәтін пайдаланған күдікті, үйден сөмке мен Infinix телефонын алып, ізін суытқан. Келтірілген материалдық шығын 205 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: