"Халық қаһарманы" атағын алған жалғыз әртіс: Роза Бағланова — жеңіске жетелеген үміт үні

"Халық қаһарманы" атағын алған жалғыз әртіс: Роза Бағланова — жеңіске жетелеген үміт үні, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2025 17:00 Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Соғыс жылдарында майдан даласында өнер көрсеткен жалғыз қазақ қызы — Роза Бағланова. 1941 жылдан 1945 жылға дейін ол барлық майдан шебінде концерт қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова сарбаздардың рухын көтеріп қана қоймай, жаралы жауынгерлерге көмектесіп, ерлік көрсетті. Бағланова ғана екі мәрте "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Әншіге маршал Рокоссовский медаль табыстаған.

Әншінің майдандағы репертуарында 20 тілде орындалған 500-ге жуық ән болды, ол мыңнан астам әскери концертке қатысты.

Роза Бағланованың бағын ашқан ән — Лидия Русланованың репертуарындағы "Ах, Самара-городок". Бұл әнді Роза жас кезінде орындап, өзі үлгі тұтқан Русланованың жоғары бағасын алған.

1945 жылғы 9 мамырда ол Берлиндегі Жеңіс концертінде өнер көрсетті. Роза Бағланова — "Халық қаһарманы" атағын алған жалғыз әртіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: