Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 12 соғыс ардагері "Халық қаһарманы" атағымен наградталды

Соғыс ардагері, Халық қаһарманы, атақ, наградтау, 7 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 11:46 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бекітілген "Халық қаһарманы" атағымен 12 соғыс ардагері наградталды. Бүгін өтіп жатқан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта осындай мәліметтер алға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбын" орденінің үш дәрежесіне халқымыздың біртуар батырлары – Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру туралы заңға қол қойды.

"Бұл – ерліктің символына айналған батырлар есімін ұлықтаудың жарқын мысалы.500-ден аса отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын алды", делінген Ақорда хабарламасында.

500-ден аса отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын алды

110 қазақстандық "Даңқ" орденінің толық кавалері атанды. 

1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты.

Республиканың әрбір төртінші тұрғыны әскерге аттанды. Майдан даласында атылған әрбір тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылды.

Қазақстанға 220-дан астам фабрика мен зауыт көшірілді.

2025 жылы 7 мамырда  елордадағы бас алаңда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтуде. Оның тікелей көрсетіліміне мына  арадан өте аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: