Мемлекет басшысы: 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілетін болды

Мемлекет басшысы, Астана, 7 мамыр, көше атау, Қазақстан қаһармандарының есімі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 11:27 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Біз Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге баса назар аудардық, еліміз бойынша мыңдаған маңызды, ауқымы кең іс-шара өткізіліп жатыр. 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілетін болды. Елімізде қазақстандық майдангерлерге арналған "Батырларға тағзым" атты шеру өтеді. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысқа қатысушылардың ұрпағы аталарының суреттерін көшелермен алып жүреді. Бүгінгідей жаһандық саясатқа агрессия мен қатыгездіктің жегі құрты дендеп енген кезеңде соғыстың қасіретін еліміздің барша азаматына түсіндіру аса маңызды".

Президенттің пікірінше, ақиқатты танымай бейбітшіліктің қадірін білу мүмкін емес.

"Соғыстың тарихи ақиқатын, Ұлы Жеңістің мән-мағынасын қасақана бұрмалауға жол беруге болмайды. Қазіргі құбылмалы заманда Қазақстан үшін ең басты мақсат – ұлт мүддесін қорғау. Сыртқы саясатымыз осы мақсатты қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр. Қазақ халқы – бейбіт халық. "Жаным – арымның садағасы" деген өр намысты, айбарлы ел", - дейді Прзеидент.

Бұған дейін Рейхстагқа Қошқарбаев тіккен Жеңіс туының көшірмесін Астанадағы әскери шеруде алып өткенін жазғанбыз.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев баршаны Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы екенін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: