Рейхстагқа Қошқарбаев тіккен Жеңіс туының көшірмесін Астанадағы әскери шеруде алып өтті

Жеңіс туы, Рейхстаг, Қошқарбаев, Астана, әскери шеру , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 11:19 Сурет: Ақорда
2025 жылы 7 мамырда Астанада "Қазақ елі" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру басталды. Парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқаруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы Мемлекеттік туды және Жеңіс туын алаңға алып келді.

Жеңістің Қызыл туы – осыдан 80 жыл бұрын әйгілі отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның майдандасы Григорий Булатов Рейхстагқа тіккен тудың көшірмесі.

Сұрапыл соғыс жылдары қазақстандық сарбаздар майданның алдыңғы шебінде, ең қанқұйлы шайқастарда ерліктің ерен үлгісін көрсетті.

1945 жылы 30 сәуірде қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Осынау даңқты ерлігі үшін Қошқарбаев сол кезде "Жауынгерлік Қызыл Ту" орденімен марапатталды. Ал 1999 жылы 7 мамырда Рақымжан Қошқарбаевқа "Халық қаһарманы" атағы берілді.

Бұған дейін Астанада еліміздің бас алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру басталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: