Түркістанда жүзуден облыстық чемпионат өтті

Түркістанда жүзуден облыстық чемпионат өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2025 17:20 Сурет: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан қаласындағы "Орталық су спорт кешенінде" Жеңістің 80 жылдығына орай жүзуден жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат ұйымдастырылды.

Спорттық сайыс спортшылардың жүзуге деген қызығушылығын арттырып, үздіктерді анықтауға бағытталған. Жарысқа өңірдегі аудан-қалалардан іріктеліп келген спортшылар қатысты.

Сурет: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Спортшылар 50 және 100 метрге еркін жүзу, брасс, шалқалай, баттерфляй әдісімен жүзуден жарысты.

Сурет: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға тиісті деңгейдегі кубок, медаль және дипломдар табысталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: