"Қызғалдақ мұрасы" фестивалі: жамбылдықтар шарадан неліктен жаяу қайтқан

"Қызғалдақ мұрасы" фестиваліне қатысушылардың жаяу қайтуының себебін Жамбыл облысының әкімдігі түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
3 мамырда Жамбыл облысының Қаратау тауларында "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі өтті. Сол күні желіде оның қатысушылары бірнеше шақырым жерді жаяу басып өтіп, үйлеріне әрең жеткендерін жазып, наразылықтарын білдірген болатын.
Ұйымдастырушылардың тарапына айтылған сынға байланысты кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқарма басшысы Аспандияр Сейсебаев түсініктеме берді. Оның сөзінше, тасымал жұмысына жеке көліктерімен келген қонақтар кедергі келтірген.
"Келеңсіз оқиғаға іс-шара аумағына жеке көліктерімен барамыз деген азаматтардың өз көліктерін төмен жақта жол бойына қалдырып, Тараздан келген қонақтарға арналған дайын көліктерге мініп, қосымша тасымалдауға адамдар санын көбейту арқылы кедергі келтіргендері себеп болды",- деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол 14:00-ден бастап 15:00 аралығында фестивальден қайтқан адам легі көбейе түскенін айтты.
"Мен өзім барлық азаматтарды 17:20-де отырғызып жібердім. Барлығы жауапкершілікпен өтті. Зардап шеккендер болған жоқ.Әрине, бұл бағыттағы ауқымды шара өңірде алғаш рет ұйымдастырылғандықтан, кейбір келеңсіздіктер орын алды. Ол алдағы уақытта сабақ әрі үлкен тәжірибе болары сөзсіз". Аспандияр Сейсебаев
Бұған дейін Қапшағай су қоймасының екінші жыл қатарынан 100% толғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript