Тоқаев бірқатар қазақстандықтарға жоғары әскери және арнаулы шендерді берді
Сурет: akorda.kz
Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін наградталсын:
I дәрежелі "Барыс" орденімен
- Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы;
I дәрежелі "Даңқ" орденімен
- Қожаев Марат Шәдетханұлы – Парламент Сенатының депутаты;
II дәрежелі "Даңқ" орденімен
- Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары
- Балтабеков Аңсаған Ескендірұлы – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы
- Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары
- Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы – Бас Прокурордың орынбасары;
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі "Айбын" орденімен
- Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы
- Құсайынов Олжас Сағындықұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы
- Цой Олег Владимирович – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы;
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденімен
- Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
- Ақылов Еркін Бекетұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы
- Әмірхан Талғат Әмірханұлы – Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы
- Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары
- Молдабаев Қайрат Бекзатұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері "Айбын" президенттік полкі басқарма бастығының орынбасары
- Мұстафин Айбек Мамытбекұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі
- Финансов Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы
- Шабер Виталий Николаевич – Бас прокуратураның департамент бастығы;
"Құрмет" орденімен
- Камалов Алпамыс Әмірғалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры
- Кәріпова Айнагүл Төкенқызы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) қызмет басшысының орынбасары;
"Ерлігі үшін" медалімен
- Есқалиев Ержан Кеңесұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі
- Жұманбек Зарина Қайратқызы – Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының аға ғылыми қызметкері
- Қазыханов Дамир Дүйсенбайұлы – Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің взвод командирі
- Тащанов Әсет Қамажанұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен
- Алхамов Абылайхан Ерталапұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі
- Бақыт Шыңғыс Жақсылықұлы – Қорғаныс министрлігі 25744 әскери бөлімінің танк командирі
- Кангозина Ольга Сергеевна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел уәкілі
- Мейірбаев Руслан Серікұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің фельдшері
- Омарғалиев Дәурен Батырғалиұлы – Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары
- Тоқанов Бекзат Шәмшіденұлы – Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің күзеті қызметінің бөлім бастығы
- Төлеңгітов Мирлан Айтқазыұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығының орынбасары;
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілсін
- Байқадамова Алуа Бақытжанқызы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығы орынбасарының – "Әскери даңқ" музейі бастығының лауазымын уақытша атқарушы.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сурет: akorda.kz
Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алған әскери қызметшілермен, құтқарушылармен, күштік құрылым қызметкерлерімен бірге суретке түсті.