Алматыдағы жол бөлігі 20 күнге жабылады
Фото: Zakon.kz
Алматыда 2025 жылғы 6-26 мамыр аралығында Айтиева көшесінде, Бөгенбай батыр мен Қарасай батыр көшелері арасындағы учаскеде автокөлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған себеп – Алмалы ауданындағы 1980 жылғы құбырдың ауыстырылуы.
"Алматыда Айтиева көшесінде 1980 жылы пайдалануға берілген құбыр қайта жаңғыртылуда. Жалпы ұзындығы 245,5 метр болатын жылу трассасы бес көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді",- деп мәлімдеді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.
Бұл ретте, жазғы кезеңде көрсетілген тұтынушыларға ыстық су беру сақталады.
Ведомство ақпаратынша, биыл қала бойынша 39 км жылу желісін реконструкциялау жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Алматыда биыл 800 экоавтобус сатып алынатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
