Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады

Нұр-Сұлтан, жол жөндеу, жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2022 09:04 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
9 мамыр мен 19 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде жеңіл көліктер қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Момышұлы даңғылында жөндеу жұмыстары басталғанын мәлім етті, деп жазды елорда әкімдігінің сайты.

Осыған байланысты 9 мамырдан 19 мамырға дейін Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде жеңіл көліктерге арналған қозғалыс жартылай шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына бағытты алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: