Бибігүл Төлегенова ел азаматтарын төл мерекесімен құттықтады

Құттықтау, Алматы, Бибігүл Төлегенова  , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 09:58 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері көрнекті опера әншісі Бибігүл Төлегенованы құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскери қызметшілер әншіге гүл шоқтары мен аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы туралы кітапты сыйға тартты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Арман Тұрғанбаев әншіге алғысын білдірді. 

"Сіз таңғажайып ерік-жігер мен өміршеңдіктің жарқын мысалысыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық табыс тілейміз", – деді Арман Тұрғанбаев.

Құттықтау, Алматы, Бибігүл Төлегенова , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 09:58

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бибігүл Ахметқызы әскери қызметшілерге алғыс айтып, келе жатқан мамыр мерекелері – Отан қорғаушы күні және Жеңіс күнімен құттықтады. 

Жеңіс күніне арналған көптеген құттықтауларға қосылған Бибігүл Ахметқызы қазақстандықтарға ашық аспан, амандық және мерекелік көңіл-күй тіледі. 

"Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін бүгінгі әлемде өмір сүріп жатқан ардагерлер мен олардың отбасыларына құрмет пен ыстық ықыласымды білдемін. Қазақстан халқы соғыс деген сөзді ешқашан білмесін", – деп тілек тіледі ардагер әнші.

Бұған дейін қазақстандық майдангер жазушылардың шығармалары аудиокітап форматында жарық көргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: