Әскери музыканттар Бибігүл Төлегенованың соғыс жылдарындағы әндерін орындады

Құттықтау, Алматы, Бибігүл Төлегенова, Жеңіс күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 16:32 Сурет: Алматы өңірлік әскери гарнизонының баспасөз қызметі
Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері отандық сахна дүлділі, бұлбұл дауысты Бибігүл Төлегенованы ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 мамырда қазақстандықтардың сүйікті әншісінің үйіне гарнизон әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері және ондағы балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері бас сұқты.

Сурет: Алматы өңірлік әскери гарнизонының баспасөз қызметі

Қорғаныс министрінің атынан Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов Бибігүл Төлегеноваға құттықтау хатты табыс етіп, оған мәдениетті дамытуға және жастардың патриоттық тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

"Бибігүл Ахметқызын Жеңіс күнімен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе. Ол кісінің соғыс жылдарындағы өмір жолы мен еңбегі өз еліне және халқына деген адалдықтың үлгісі болып табылады", деп атап өтті ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары – Жауынгерлік Даңқ мұражайының бастығы, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова.

Бибігүл Төлегенова, Алматы, құттықтау, Жеңіс күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 16:32

Сурет: Алматы өңірлік әскери гарнизонының баспасөз қызметі

Үлкен жасына қарамастан Бибігүл Ахметқызы қонақтарды жылы қарсы алып, жас ұрпаққа қолдау білдірді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол кісі тылда еңбек етті. Соғыс басталған кезде ол кісі небәрі 12 жаста екен. 1944 жылы жас Бибігүл Семей ет комбинатында жұмыс істеген, одан шыққан өнімдер ол кезде тікелей майданға жеткізіліп жатты, сондай-ақ көркем өнерпаздар қауымымен бірге өнер көрсетті, ауруханаларда болып, жараланған жауынгерлерді қолдап, олардың туыстарына хат жазуға көмектесті.

Сурет: Алматы өңірлік әскери гарнизонының баспасөз қызметі

Бибігүл Ахметқызы үшін үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді ойнады, әскери қызметшілердің балалары оған гүл шоқтарын табыстап, "День Победы" әнін орындап берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: