Түркістан облыстық перинаталдық орталығында диагностикалауға арналған зертханалық жабдық орнатылды

Зертханалық жабдық, Түркістан облысы, перинаталдық орталық, диагностикалауға арналған жабдық , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 18:25 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Биыл Almaty Marathon ұйымдастырушысы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры «AYALA» қайырымдылық қорымен бірлесіп Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы екі перинаталдық орталыққа мамандандырылған диагностикалық жабдықтар табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бастамаларға 106 241 284 теңге бағытталған қаражат Almaty Marathon қатысушыларының бастапқы жарналары мен серіктестердің салымдарының арқасында жиналды.

Бұл - Қазақстандағы бала туу деңгейі ең жоғары өңірдегі нәресте мүгедектігін азайту жөніндегі ауқымды жобалардың бірі. Былтыр Түркістан облысында 50 мыңнан астам бала дүниеге келді. Бұл – Қазақстандағы ең үлкен көрсеткіш. Қазіргі заманғы медицина туа біткен патологияларды дер кезінде анықтауға және нәресте мүгедектігінің даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Диагностика, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 18:25

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда, «Бір күндік клиника» жобасы жүктілік кезінде, ал «Әлемді көремін» жобасы туғаннан кейін бірден патологияны диагностикалауға көмектеседі.

Жаңа бастамаларды «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры мен «AYALA» қайырымдылық қоры Шымкент қаласы мен Түркістан облысында іске асыруды өткен жылы қолға алған болатын. «Бір күндік клиника» жобасы аясында қорлар Түркістан облысының № 2 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының базасында FISH-диагностикалауға арналған 79 541 284 теңгеге зертханалық жабдық орнатты. Бұл микроскоп жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомдық аномалияларын және Даун, Патау, Эдвардс, Шерешевский-Тернер және Клайнфельтер синдромы сияқты туа біткен патологияларды анықтайды.


Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Бір күн клиникасы» болашақ аналарға МӘМС есебінен бір күнде барлық тереңдетілген биохимиялық талдаулар мен сараптамалық УДЗ алуға мүмкіндік береді.

«Аталған микроскоп пен зертханалық жабдық мыңдаған жүкті әйелдерге МӘМС есебінен біздің орталықта қажетті тексерістен уақытылы өтіп, балаларының салауатты болашағына үміт артуға мүмкіндік береді. Енді 2025 жылдың соңына дейін облыстың 500-ден астам болашақ анасы тереңдетілген пренаталды скринингтен өтеді. Біздің есептеуімізше, «Бір күндік клиникадағы» FISH-зертхана 15 жыл ішінде Түркістан облысындағы нәресте мүгедектігі деңгейін 40 пайызға азайтуға мүмкіндік береді», — дейді № 2 облыстық перинаталдық орталығының басшысы Эльмира Қожахметова.

Заманауи жабдық, зертхана, диагностика, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 18:25

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«AYALA» қайырымдылық қоры – неонатологияға маманданған Қазақстандағы жалғыз ұйым. 18 жыл ішінде қор 2,8 миллиард теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіп, еліміз бойынша 67 балалар реанимациясын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырды.

«Әрбір баланың салауатты өмір сүруге мүмкіндігі болуы тиіс. Almaty Marathon-мен серіктестіктің арқасында біз озық медициналық технологияларды, әсіресе, туу деңгейі ең жоғары өңірде енгізудеміз. Мемлекеттік перинаталдық орталықтарда диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне жаппай қол жеткізу мыңдаған нәрестенің мүгедектігін болдырмауға көмектеседі», – дейді «AYALA» қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Ұжым, Түркістан облысы, перинаталдық орталық, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 18:25

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, 2025 жылдан бастап «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының кез келген жүгіруіне қатыса отырып, қайырымдылық жобаларды қолдай аласыз. Сонымен қатар тіркелу кезінде жүгірушілер кез келген соманы қайырымдылыққа аудара алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: