19 сәуірде Алматыда жолдардың жаппай жабылу себебі белгілі болды

Машина, машины, авто, автомобиль, автомобили, дорога, дороги, транспортное движение, дорожное движение, дорожный трафик, улица, улицы, разметка, разметки, вафельная разметка, вафельные разметки, правила дорожного движения РК, ПДД РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 15:26 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 19 сәуірде "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры ұйымдастыратын Almaty Half Marathon тоғызыншы рет өтеді.

Биыл жарысқа әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысады. Жартылай марафонның ұйымдастыру комитеті Алматы тұрғындары мен қонақтарына жарыс күні жол қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлайды.

19 сәуірде жартылай марафон өткізілуіне байланысты сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жарыс бағыты өтетін учаскелерде жол қозғалысы ішінара жабылады.

Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

  • Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
  • Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін толығымен жабылады.
  • Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
  • Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
  • Саин көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жетудің ұсынылған бағыттары:

1) Мұстафин көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

2) Науаи көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

3) Садықов көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

4) Дулати көшесімен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

5) Саин көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

6) Розыбакиев көшесімен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

Жолдардың жүктемесіне байланысты қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жету ұсынылады. Жолдың жабылуын ескере отырып, ең тиімді бағытты 2ГИС қосымшасынан көруге болады. Сөре аймағында (Тұңғыш Президент саябағы) және мәре қалашығында (Орталық стадион) тұрақ қарастырылмағанын ескертеміз.

Мәліметтер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын тиімді бөлуді ескере отырып берілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: