Мәскеуде Жеңістің 80 жылдығына арналған парад басталды

Мәскеуде Жеңістің 80 жылдығына арналған парад басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2025 12:36 Сурет: kremlin
Қызыл алаңда мерейтойлық Жеңіс парады ресми түрде басталды. Кремльдің бұған дейін шараға 29 елдің көшбасшысы қатысатынын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бұл шараға жоғары деңгейде қатысып жатыр. Құрметті трибунада – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ал парадқа генерал Панфилов атындағы 37-десантты-шабуылдаушы бригаданың салтанатты жасағы қатысуда.

Парадтың басында Құрметті қарауыл дәстүрлі түрде Ресейдің Мемлекеттік туын және Жеңіс Туын "Қасиетті соғыс" әнінің әуенімен алаңға алып шығады. Одан кейін Ресейдің қорғаныс министрі Андрей Белоусов пен Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы армия генералы Олег Салюков алаңда сап түзеген әскерлерді аралап, сәлем береді.

Осыдан кейін әскери бөлімдер Қызыл алаңның тас жолымен жаяу шерумен өтеді. Қазақстандық әскери қызметкерлерден бөлек, парадқа Әзербайжан, Вьетнам, Беларусь, Мысыр, Қытай, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысып жатыр.

Ауа райы қолайлы болса, парад әскери авиацияның ұшуымен аяқталады.

Мәскеудегі Жеңіс күніне Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Абхазия, Босния және Герцеговина, Бразилия, Буркина-Фасо, Венесуэла, Вьетнам, Гвинея-Бисау, Мысыр, Зимбабве, Қытай, Конго, Куба, Моңғолия, Мьянма, Палестина, Сербия, Словакия, Экваторлық Гвинея, Эфиопия және Оңтүстік Осетия елдерінің көшбасшылары жиналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: