Бүгін - Аналар күні

Аналар күні, Қазақстан, мамырдың екінші жексенбісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2025 09:20 Сурет: gov.kz
Қазақстанда мамыр айының екінші жексенбісі Аналар күні деп бекітілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689, яғни "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" қаулысына енгізілген өзгеріс пен толықтыруларға сәйкес, Аналар күні қыркүйек айынан мамырдың екінші жексенбісіне ауыстырылды. 

"Аналар күнін мерекелеу аналардың мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы аналардың рөлін арттыруға, қазақ халқының тарихындағы аналардың рөлін танымал етуге ықпал ете отырып, оң әлеуметтік әсер күтіледі", делінген Үкімет қаулысы мәтінінде.

2024 жылы бұл мереке Қазақстанда алғаш рет атап өтіліп, 12 мамырға тұспа-тұс келеді. Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Австралияны қоса алғанда 20-дан астам елде де атап өтіледі.  

Қазақстанда Әкелер күні маусым айынының үшінші жексенбісі болып саналады.

Айта кетсек, 10 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Темірхан Медетбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: