Түркістан облысында Ибрагимовтер әулеті 8 ғасырға жуық теміржол саласында жұмыс істейді

Түркістан облысында Ибрагимовтер әулеті 8 ғасырға жуық теміржол саласында жұмыс істейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 12:02 Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысында атадан балаға, одан немереге жалғасқан кәсіпті киелі санайтын әулеттер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың бірі Арыс қаласындағы теміржолшылар династиясының бірі – Ибрагимовтер әулеті. Бұл әулетте бір атадан тараған 15 баланың барлығы бүкіл ғұмырын теміржол саласына арнаған.

Биыл 100-ден асып, өмірден өткен Салтай атадан тараған ұл мен немерелерінің теміржолдағы еңбек өтілдерін қосқанда жалпы 800-жылдан астам уақытты құрайды.

Ибрагимовтер – Қазақстан бойынша ең көп теміржолшылар шыққан әулет. Соғыс жылдары басталған әулеттен күні бүгінге дейін 50-ден астам теміржолшы шыққан.

"Бүгінде әкемізден тараған барлығы 15 бала, 70 шақты немере мен 145 шөбере, 2 шөпшек бар. Әкеміз Салтай Ибрагимов 1926 жылы дүниеге келіп, биыл жуырда дүниеден өтті. 1950 жылы шаңырақ көтеріп, анамыз екеуі өмірге 7 ұл, 8 қыз әкеліп, өсіп-өнген үлкен әулетке айналдық. Әкеміз вагон жөндеу депосында слесарь, сосын вагон қараушы, кейіннен ауысым бастығы болып ұзақ жылдар абыроймен еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан", – деді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: