Алматының екі ауданында суық су беру уақытша тоқтатылады

Алматы қаласында Самал шағын аудандарындағы 25 мыңнан астам тұрғынды сапалы және тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры желісін қайта жаңарту толығымен аяқталды. Желінің жаңартылған бөлігі 13 мамырда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы Су" МКК мәліметінше, 13 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін, Медеу және Бостандық аудандарында суық су беру уақытша шектеледі. Келесі аймақтарда су уақытша тоқтатылады:
- Медеу ауданы – Назарбаев даңғылы, Сәтпаев көшесі, Достық даңғылы, Жолдасбеков көшесі, соның ішінде Самал-1, Самал-2 және Самал-3 шағын аудандары;
- Бостандық ауданы – Померанцев көшесі, Ганди көшесі, Назарбаев даңғылы, Әл-Фараби даңғылы.
"Қайта жаңартылған су құбыры желісі "Алматы Су" мекемесінің инвестициялық бағдарламасы аясында салынды және бұл су жүйесінің сенімділігін айтарлықтай арттырады.Су құбыры желілері алғаш рет 1985 жылы салынған және арнайы өткел арнасының ішіне орналастырылған — бұл қаладағы осындай технологиямен салынған жалғыз нысан. Қайта құруға дейін тозу деңгейі 80%-дан асып кеткен. 2024 жылы диаметрі 300 мм және ұзындығы 4,369 км болатын желі толығымен жаңартылды. Барлық жұмыстар қазу жұмыстарынсыз, көлік қозғалысына кедергі келтірмей жүргізілді",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Астанадағы көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты бір аптаға жабылатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript