Елімізде суармалы суға жаңа тарифтер әзірленуде

Водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 15:11 Фото: primeminister.kz
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2025 жылғы 12 мамырда Мәжілістегі Үкімет сағатында тарифтің саралануы суды үнемдеуге қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыруда тарифтік саясат маңызды рөл атқарады.

"Осыны ескере отырып, бүгін біз тарифтерді қалыптастырудың жаңа әдістемесін әзірлеудеміз, ол дақыл түріне, су тұтыну көлеміне және су үнемдейтін технологиялардың болуына байланысты тарифтерді саралауды көздейді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының суармалы су қызметтері бойынша тарифтік саясатты жетілдіру туралы тапсырмасына сәйкес біздің министрлікке Ұлттық экономика министрлігінен суармалы су бойынша тарифтік реттеушінің функциялары берілді", – деді Нұржан Нұржігітов.

Министр осы мақсатта Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп "аз тұтынасың – аз төлейсің" қағидатына негізделген ауыз суға сараланған тарифтер енгізілгенін атап өтті.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, мұндай сараланған тарифтерді енгізу алты өңірде ай сайын орта есеппен 1,6 миллион текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік берді. Жиналған қаражат, шамамен 900 миллион теңге, сумен жабдықтау желілерін жаңартуға бағытталады", – деп толықтырды Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін Алматының екі ауданында суық су беру уақытша тоқтатылатындығы жайлы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: