Түркістандық полицейлер жасанды интеллекттің көмегімен миллион теңгеге борышы бар жүргізушіні анықтады

Камеры видеонаблюдения, камера видеонаблюдения, видеонаблюдение, камеры Сергек, камера Сергек, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 09:25 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы Леңгір қаласында "Қорғау" жүйесі арқылы жүргізілген рейд барысында ірі көлемде қарызы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төлеби аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Леңгір қаласының көшелерінің бірінде Mercedes-Benz маркалы автокөлігін тоқтатты. Электронды база арқылы тексеру кезінде көлік иесінің мемлекетке 1,3 миллион теңге көлемінде берешегі бары белгілі болды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүргізуші бұрын бірнеше рет жол жүру ережесін бұзған.

"24kz" ақпаратына сүйенсек, онда жылдамдықты арттыру, көлікті рұқсат етілмеген жерге қою және жол ақысын уақытында төлемеу фактілері тіркелген. Аталған автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.

"Жыл басынан бері арнайы автотұрақтарға "Қорғау" бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам автокөліктер орыналастырылды. Сонымен қатар 19 сәуірден бастап 1 ай көлемінде жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-прафилактикалық іс шарасы жалғасып жатқанын еске саламын".Ерлан Асқаров, облыстық полиция департаменті жпқ басқармасы бастығының орынбасары

Бұған дейін Алматыда рөлге ие бола алмай қалған жүргізушінің тұрақтағы көліктерді қағып кеткендігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: