Биыл Қазақстандағы егіс көлемі 23,7 миллион гектарға дейін ұлғаяды

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру барысында екі жылда бидай алқабын 750 мың гектарға қысқартуға мүмкіндік туды. Биылғы жылы мал азықтық және майлы дақылдар алқабы 3,3 миллион гектарға жетсе, күнбағыс алқабы алғаш рет 1,4 миллион гектарға жетпек.
"16,6 миллион гектар алқапқа дәнді-бұршақты дақылдар егіледі деп жоспарлануда. Мақта алқабы 135 мың гектарды құрайды, оның ішінде дәстүрлі әдіспен өсірілетін алқап 21,4 мың гектарға қысқарып, 85 мың гектарды құрайды. Сонымен бірге, егістік алқаптары 5 мың гектарға тамшылатып суару есебінен ұлғайтылады. Түркістан ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қытайлық "Шиньцзян Лихуа" компаниясымен", – деді Айдарбек Сапаров.
Бүгінде Қазақстанда жаздық дақылдарды жаппай егу жұмыстары басталып, егіс жұмыстарына барлық облыстар жұмылдырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, барлығы 3,7 миллион гектар алқапқа егілді, оның ішінде 2 миллион гектарға дәнді дақылдар, 300 мың гектарға мал азықтық дақылдар, 888 мың гектарға майлы дақылдар, 195 мың гектарға көкөніс, бақша дақылдары мен картоп егілді. Мақта мен қант қызылшасын егу аяқталуға жақын.
"Күздік дақылдарға келетін болсақ, 2025 жылдың өнімі үшін 405,7 мың гектар алқапқа күздік дәнді дақылдар егілді. Күздік дақылдардың 74 пайызы жақсы, 23 пайызы қанағаттанарлық", – деді Айдарбек Сапаров.
Оңтүстік өңірлерде ерте көкөністерді жинау басталды. Атап айтқанда, Түркістан облысында 1,2 мың гектар алқаптан 38,3 мың тонна орамжапырақ жиналды. Биыл 580 мың тоннаға жуық ерте көкөніс жинау жоспарлануда, бұл жаңа өнімге дейінгі маусымаралық кезеңде ішкі нарықтың қажеттілігін өтейді.
Бұған дейін Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс науқаны аяқталып жатқаны хабарланған болатын.