Ірі құрылыс алаяқтығы бойынша 47 көлік пен миллиард теңгенің жері тәркіленді

Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) 2025 жылғы 13 мамырдағы ақпараты бойынша Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеушілері тергеу барысында "ИнтерьерСтройАқтау" ЖШС басшыларының құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанына қарамастан, 590 үлестік қатысу келісімшартын жасасқаны анықталды.
Нәтижесінде үлескерлерден заңсыз түрде 5,5 млрд теңгеден астам қаражат тартылған.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған.
"1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, компания басшылығы тарапынан иемделген." ҚМА баспасөз қызметі
Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды.
Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударыған.