Алматыда нәзік жандылар арасында болған төбелес таспаға түсіп қалды

Бүгін, 2025 жылдың 14 мамырында Алматыдағы әйелдер арасында болған төбелестен түсірілген бейне желіде кеңінен тарады. Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызу талқыға түскен бейнеролик Telegram-дағы youralmaty арнасында жарияланды.
Ауэзов аудандық полиция басқармасы 102 пультіне хабарлама келіп түскенін, оқиға орнына "Буран-115" патруль экипажы жіберілгенін нақтылады.
"Тексеру барысында әйелдер арасында тұрмыстық негізде сөзге келіп қалғаны анықталды: оқиғаға қатысқан екі адам қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орында тиісіз мінез-құлық көрсеткен. Алайда, екі тарап та арыз беруден бас тартты, олардың айтуынша, жанжал аяқталған және бір-біріне ешқандай талаптары жоқ", – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, бір-біріне құрмет көрсетуге және қақтығыстарға әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болуға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript