ШҚО-да зейнеткердің атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 14:11 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында зейнеткер өз атына заңсыз несие рәсімделгенін айтып, полицияға арызданған.

Тұрғынның айтуынша, танысы оның үйінің ауласында жүрген кезде телефонын аз уақытқа пайдалануға рұқсат сұраған.

Алайда құрылғы қолына түскен соң, күдікті бір банктың қосымшасы арқылы жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, кейіннен 700 000 теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алған.

Полиция қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні анықтады және ол жасаған әрекетін мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ешқашан телефоныңызды бөтен адамдарға бермеңіз. Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қадағалаңыз және әрқашан сақ болыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: