Қазақстандықтар уақытының қанша бөлігін ұйқыға, жұмысқа, тамаққа және демалысқа жұмсайды

Қара уылдырық, тамақ, ұйқы, жұмыс, демалыс, статистика, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 21:58 Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың ұйқыға, жұмысқа, тамаққа және демалысқа қанша уақыт жұмсайтынын есептеп көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жыл ішінде (қаңтардан желтоқсанға дейін) Ұлттық статистика бюросы "Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы" біржолғы модульдік зерттеуін жүргізді. Сауалнаманың мақсаты – халықтың өз уақытын пайдалануы туралы ақпарат алу, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті, өмір салтындағы өзгерістерді анықтау.  2024 жылы оған 10 және одан жоғары жастағы 11 914 респондент қатысты.

Зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың (10 жастан асқан) орташа алғанда тәуліктің 54,2% (13 сағат) жеке күтімге (ұйқы – 9 сағат 26 минут), тамақ пен сусынға – 1 сағат 57 минут, жеке гигиена және күтім – 1 сағат 27 минутын жұмсайды. Ал қалған уақытының: 

  • 12,2% (2 сағат 56 минут) уақытын жұмысқа (жұмыспен қамтуға),
  • 13,5% (3 сағат 14 минут) – үй шаруашылығын жүргізуге,
  • 2% (28 минут) - оқуға,
  • 0,8% (12 минут) – жеке пайдалану үшін тауарлар өндіруге жұмсайды,
  • ал қалған 17,3% (4 сағат 9 минут) – бос уақыт.

15 жастан асқан ер адамдар күніне орта есеппен 5 сағат 13 минут жұмыс істейді, әйелдер үшін бұл көрсеткіш 4 сағат 18 минутты құрайды. Алайда, әйелдерде үй шаруашылығын жүргізу ер адамдарға қарағанда (1 сағат 51 минут) ұзағырақ уақыт алады (4 сағат 5 минут). Ер адамдардың әйелдерге қарағанда бос уақыты шамамен 2 есе көп - сәйкесінше 4 сағат 4 минут және 2 сағат 56 минут. 

Жұмыспен қамтылған ер адамдар жұмысқа орта есеппен 9 сағат 7 минут, әйелдер 7 сағат 57 минут жұмсайды, бос уақытқа сәйкесінше 2 сағат 31 минут және 1 сағат 50 минут қалады.

Зерттеу 6 жылда бір рет жүргізіледі.

Айта кетсек, 2024 жылы қалдықтар көлемі 11,4% өсті. Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 6 мамырда ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: