Өскеменде қылмыс жиі орын алатын көшелер белгілі болды

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қылмыстық құқық бұзушылық бойынша статистикамен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
YK-news.kz мәліметінше, биылғы жылдың 4 айында Өскемен қаласында 1 011 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
"Құқық бұзушылықтар картасы" интернет-порталының деректері бойынша, қаладағы қауіпті бес көше қатарына мыналар кірді:
- Назарбаев даңғылы (61 құқық бұзушылық);
- Сәтпаев даңғылы (54 құқық бұзушылық);
- Қазақстан көшесі (48 құқық бұзушылық);
- Қабанбай батыр көшесі (44 құқық бұзушылық);
- Абай даңғылы (36 құқық бұзушылық).
"Құқық бұзушылықтар картасы" – бұл нақты уақыт режимінде тіркелген қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты географиялық картада көрсететін интерактивті онлайн-қызмет.
Бұған дейін ер адамды туыстарына естіртпей жерлеп тастаған полицейлерден марқұмның жақындары өтемақы талап етуде екенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript