Полиция заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты: төлқұжаттар, мөрлер мен ақша тәркіленді

Полиция заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты: төлқұжаттар, мөрлер мен ақша тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2025 11:40 Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері шетел азаматтарына тіркеу, уақытша болу мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат алу бойынша жалған қызметтер көрсетумен байланысты заңсыз схеманың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 мамырда жедел іс-шаралар барысында үш күдікті ұсталды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінту барысында:

  • әртүрлі ЖШС-нің 70-тен астам мөрі;
  • шетел азаматтарының 75-ке жуық төлқұжаты;
  • электрондық ақпарат тасығыштар, техника, банк карталары, ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары; 
  • шамамен 2 млн теңге қолма-қол ақша;
  • екі көлік тәркіленді.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: