Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 10:12 Сурет: ҚР ІІМ
Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді "UZI" моделінің пулеметі тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: