Елорда әкімдігі электросамокаттар маусымы басталуына байланысты мәлімдеме жасады

Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына электросамокаттар маусымы басталғанын еске салып, көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қалада электросамокаттар маусымы қайта басталды.
"Ыңғайлы әрі танымал бұл көлік құралы абайсызда орын алған жарақаттар мен жол апаттарына да түрткі болуда. Басты мәселелер - жылдамдықты асыру, тротуармен жүру, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіру, жолға шығу", делінген әкімдік хабарламасында.
Қала тұрғындарына электросамокатты пайдаланғанда, мынандай қауіпсіздік ережелерін сақтау сұралады:
- екі адам мінгесуге болмайды;
- жол үстіне шықпаңыз;
- жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеңіз;
- қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
"Самокат - жол ережесі сақталғанда ғана қауіпсіз. Мұны бала-шағаға үстел басында үнемі айта отырыңыз", делінеді ескертуде.
Бұған дейін Астанада электросамокаттардың арнайы тұрақтары болатынын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript