Алматыда есірткі жарнамалары жойылды

Алматыда есірткі жарнамасы бар жазуларды бояуға арналған кезекті бірлескен науқан өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 13:35 Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда есірткі жарнамасы бар жазуларды бояуға арналған кезекті бірлескен науқан өтті.

Тұрғын ауданда еріктілер мен полиция қызметкерлері, қабырғаларды, тыйым салынған заттарды насихаттайтын жазулардан тазартты.

Іс-шара Мемлекет Басшысы белгілеген "Заң және Тәртіп" қағидаты рухында және ҚР Ішкі істер Министрлігі жариялаған "Профилактика жылы" аясында өтті.

Науқанның басты мақсаты – есірткінің көрнекі насихатын жою ғана емес, сонымен қатар есірткі қаупімен күресу барлық құрылымдардың: мемлекеттік органдардың, полицияның және азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіруді талап ететін қоғамның ортақ ісі екенін көрсету.

Мұндай бастамалар қоғамда есірткі қылмысына мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және жастарды өз қаласы мен болашақ ұрпақты қорғау үшін нақты әрекеттерге тартуға көмектеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: